Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Үмітіміз үлкен

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты. Елбасының алға қойған айқын міндеттері, нақты тапсырмалары, халық­қа артқан сенімі бәрімізді әркез қанат­тандырып отырады. Даму­дың даң­ғыл жолын жаңғыртушы Қазақ­станы­мыз­дың қадамы қарышты бола түспектігі қуан­тады. Алда кешегіден де биік асулар тұр­ғандығы жаңа 5 институттық рефор­маны іске асыруға кірісуді көрсетіп отыр. Осыған орай, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылуын қолдаймыз. Аталған құрылым қызметі ар­қылы мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнестің, азаматтық қоғам­ның іс-қимылы үйлесім табуы арта түсері сөзсіз. 2003 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шаруашылық жүргізуде осы саланы жетілдіруге мемлекет тарапынан барынша мүмкіндік жасалып келе жатқанына куәмін. Соның шарапаты жезқазғандық әріптестерім­дей маған да тиді. Қалада тұрғындарға тұрмыс­­­тық қызмет көрсе­тетін орындармен қатар Бизнес және көлік колледжін ашуға мұ­рындық болуым осы саланың ма­ман­дарын даярлауға септігін тигізіп жүр. Елбасының тапсырмасымен салын­ған Жезқазған – Бейнеу теміржолын­­да жұмыс істеушілердің басым бөлігі – біз­дің түлектер. Комиссияның реформаны орындау үшін қажетті барлық өзекті мәселелерді терең талқылап, байыпты бақылап, ұмтылысқа үлкен қозғау салар шешімдер қабылдайтын құрылым болатынына сенеміз. Күтеріміз де, тілеуіміз де сол. ЖЕЗҚАЗҒАН.
Бөлісу:
Үмітіміз үлкен · Egemen Qazaqstan