Қоғам
2 мин оқу 40

Қияндағыларға да қолжетімді интернет

<p style="text-align: justify;">Өйткені алдағы уақытта шалғайдағы ауылдар жылдамдығы жоғары интернетке қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен &laquo;Қазақтелеком&raquo; АҚ үш мыңнан астам ауылды жылдамдығы жоғары интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасады.</p>

Қияндағыларға да қолжетімді интернет

Осы келісімнің нәти­жесінде талшықты-оп­тикалық байланыс желісін салу жобасы жос­пардан бір жыл ерте іске асады. Яғни келесі жылдың со­ңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жер­серіктік байланыс арналарымен қамтылады.

Осылайша, аталған жоба 2027 жылдың соңына қарай еліміздегі ауылдардың 99 па­йызын жыл­дамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бе­реді. Қысқасы, таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеті желіге қол жет­кізбек. Ауылдық елді мекен­дерді талшықты-оп­тикалық (88%) және жер­серіктік арналар (12%) арқылы желіге қосады.

Цифрлық даму, инно­вация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өз сөзінде жоба аясында өңірлерді дамытуға тең жағдай жасайтын цифрлық іргетас қаланғанын жеткізді.

«Басты міндетіміз – ауылдарды интернетке қосумен қа­тар, елді мекендерді еліміздің цифрлық экожүйесіне енгізу. Бұл – білім алу, медицина, мем­­ле­кеттік қызметтерге тең дәре­­жеде қолжеткізудің негізі. Инфрақұрылым тұрақты және ашық түрде жұмыс істе­генде, шағын бизнес, ауыл мектептері мен жастарға арналған жаңа кә­сіптік бағыттарды дамы­туға жол ашады», деді ол.

Жобаға құйылған инвести­цияның жалпы көлемі 239 млрд теңгеден асады. Бұл – бюджеттен тыс  қаражат. Оны «Қазақтелеком» АҚ ірі телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайда­ла­ну­дың арқасында жүзеге асырған.

Ал «Қазақтелеком» АҚ бас­қарма төрағасы Бағдат Мусин ауыл мен қала баласы­ның мүмкін­дігі білім алу, өзін-өзі дамыту мен заманауи технологияны пайдалануда тең дәрежеде болуға тиіс екенін айтты.

«Біз цифрлық теңсіздікті жою­ды шалғайдағы ауылдардан бастадық. Интернетке қол жеткізу – қажеттілік. Оны ел Президенті нақты айтқан болатын», деді Б.Му­син.

Сондай-ақ жоба шеңберінде ауылдағы ұялы байланыс ба­­залық стансаларының инфра­құрылымы күшейтіледі. Бұл ны­сандарға дейін жеткізіп тал­шықты-опти­калық желіні төсеу мобильді интернет пен бай­ла­ныс­тың сапасын едәуір арттыра­ды.

Азат ЕСЕН 

Бөлісу:
Қияндағыларға да қолжетімді интернет · Egemen Qazaqstan