Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 140

«Заң мен тәртіп» жалауы шың басында желбіреді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында &laquo;Заң және Тәртіп&raquo; идеологиясын ілгерілету аясында символикалық шара өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 4120 метр биіктіктегі тауға бірлесіп шығып, шың басына &laquo;Заң және Тәртіп&raquo; жалауын тікті. Бұл &ndash; заң үстемдігі ең жоғары тұғырға қойылған мемлекетте тұрақтылық пен болашаққа сенімді білдіретін нышан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Заң мен тәртіп» жалауы шың басында желбіреді

Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

Ту ұстау – заң үстемдігі ең жоғары орында тұрған мемлекетте тұрақтылық, даму және болашаққа деген сенім бар дегенді білдіреді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің іргетасы екенін үнемі атап өтеді. Онсыз экономикалық даму, инвестициялар және азаматтардың сенімі мүмкін емес. Әділеттілік қалыпты құбылысқа айналуы керек, ал заңсыздық – ерекшелік қана болуы тиіс. Тек осы жолмен әр азамат өзін қорғалған сезінетін заманауи мемлекет құруға болады.

Маршрут Тұйықсу, Мыңжылқы шатқалдары, Альпинград альпинистік алаңы мен Мәншүк Мәметова асуы арқылы өтті. Бұл – әділет пен жауапкершілікке апарар жолдың символы.

Бөлісу:
«Заң мен тәртіп» жалауы шың басында желбіреді · Egemen Qazaqstan