Қоғам
2 мин оқу 70

Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жергілікті тұрғынды қайталанған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ер адам куәгерлердің көзінше маршрут жүргізушісін балағаттаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды

Оқиға қоғамдық көлікте №2 бағыттағы автобуста болған. Іс материалдарына сәйкес, жүргізушімен жанжал кезінде И. қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушыларға моральдық жайсыздық тудырып, қатты дауыспен балағат сөздер айтқан.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін жартылай мойындады – тек тәртіп бұзғанын растады, бірақ бұзақылық әрекеттерін мойындамады.

Алайда, сот И.-дің бұл жыл ішіндегі екінші рет тәртіп бұзғанын ескерді. Бұған дейін, 2025 жылдың 10 маусымында ол дәл осындай мінез-құлқы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Сот ұсынылған дәлелдер мен түсініктемелерді қарастырып, И.-дің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық, бір жыл ішінде қайталап жасалған» деп саралады. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 
 
 
Бөлісу:
Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды · Egemen Qazaqstan