Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 10
Жалықтырмайтын жарнама
<p style="text-align: justify;">Швециядағы «ICA» атты супермар­-ке­т­­тер желісі 2001 жылдан бері бұрын-соңды болмаған ерекше тәсіл­мен жар­нама жасап келеді. Аталған ком­па­­ния теледидардан жай ғана ролик көрсетпейді, шағын сериал ұсы­нады.</p>

Әр роликтің ұзақтығы небәрі 30-45 секунд, бірақ оқиға желісі қызықты әрі тартысты болғандықтан көрермендер бұл жарнаманы тіпті асыға күтетін болған. Жаңа эпизодтар әр екі апта сайын шығып тұрады, ал жұртшылық бұл сюжеттерді мини-сериал секілді қабылдайды. Осылайша, «ICA» жарнамасы осы күні әлемдегі ең ұзақ әрі ең танымал жарнамалық телесериалға айналды.
Бөлісу: