Сәтбаевта 50 жыл ауыспаған жылу желілері күрделі жөндеуден өтеді
<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл 50 жылдан бері ауыспаған магистральдық жылу желілері толық күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалада үш бірдей мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. «Сарыағаш Аман» ЖШС – №1 магистраль бойынша 8 шақырым желіні ауыстыруда. Бүгінде 375 м құбыр демонтаждалып, 100 м лоток орнатылып, дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр.
«АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ»ЖШС – №2 магистраль бойынша 650 м құбырды монтаждады.
«ЖАНЕМ» ЖШС – Құрманғазы, Аманжолов, Байсейітов көшелеріндегі кәріз желілерін қайта жаңғыртуды қолға алған. Қазіргі таңда 650 м желі ауыстырылып, барлық қажетті материалдар жеткізілген.
Қазандықтарда эмульгаторлар орнатылып жатыр.
Сонымен қатар, «Молодежный» көмірін «Куу-Чек» кесіндісінің көміріне ауыстыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Жұмыстардың сапасын бақылауда ұстау мақсатта апта сайын мердігер ұйымдармен арнайы штаб отырыстары өткізіледі.
Ұлытау облысы
