Туристік жолдамалардың құны қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандықтар үшін демалысқа шығу бұрынғыдан да қымбатқа түсіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, туристік жолдамалардың бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 48%-ға өскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сырт елдерге бағытталған турпакеттердің ішінде Түркия көш бастап тұр, демалыс құны 58%-ға артқан. Күн сәулесіне қыздырыну үшін жиі таңдалатын Дубайға сапарлар тіпті одан да қымбат: Біріккен Араб Әмірліктеріндегі турлар 68%-ға қымбаттап, рекордтық өсім көрсетіп отыр.
Ішкі туризм де бұл өзгерістен тыс қалған жоқ. Қазақстан аумағындағы демалыс үйлері мен санаторийлерге жолдамалар 15%-ға өскен. Аймақтар арасында бағаның ең қатты өсуі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Мұнда туристік қызметтер 41%-ға қымбаттаған. Ал Астана бұл көрсеткіш бойынша ерекшеленіп отыр, мұнда баға өзгеріссіз қалған.