Ауғанстанда жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 3 шілде күні сағат 13:58-де, Астана уақыты бойынша Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сейсмологиялық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпуі солтүстік ендік 37.23°, шығыс бойлық 70.88° координаттарында болған. Зілзаланың магнитудасы mb = 5, ал энергетикалық класы K = 10.9 деңгейінде тіркелген.
Айта кетейік, бұл Ауғанстанда соңғы күндері тіркелген екінші жер сілкінісі. Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні таңғы сағат 07:32-де де дәл осы өңірде жер дүмпуі байқалған еді.
Сонымен қатар соңғы уақытта әлемнің әртүрлі бөліктерінде сейсмикалық белсенділік артқаны байқалады. Мәселен, Жапонияда соңғы екі аптаға жуық уақытта 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелген.
