Есірткі
1 мин оқу 70

Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды

<p style="text-align: justify;">Ел көлемінде 1 маусымнан &laquo;Қарасора-2025&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды

Сол уақыттан бері өңірде есірткі өсірудің 21 дерегі анықталыпты. Бүгінде облыс аумағында есірткі тасымалдау жолын анықтау үшін 6 арнайы бекет құрылған. Бұл нысандарға жергілікті полиция, кинология қызметі, арнайы жасақтар жұмылдырылған.

 Барлық аудандық полиция бөлімдерінде мобильді-іздестіру және жедел-тергеу топтары жасақталыпты. «Қарасора–2025» операциясы 31-ші қазанға дейін жалғасады.   

«Іс-шара кезінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 21 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі оны өткізу, 1 дерегі жарнамалау және 12 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар болып тұр. Заңсыз айналымнан 96 кг 839 гр есірткі тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 19 адам ұсталып, оның 5-і қамауға алынды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 5 дерегі анықталды», дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Бөлісу:
Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды · Egemen Qazaqstan