Матвей Макрушин Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Матвей Макрушин қоссайыс нәтижесі бойынша 331 (148+183) келіні еңсеріп, жастар арасында күміс медальға ие болды. Бұл салмақта бас жүлдені өзбекстандық Кудротбек Залимжонов жеңіп алды – оның нәтижесі 360 (169+191) келі. Ал қола медаль түрікменстандық Сулеймен Джафаровқа бұйырды – 327 (145+182) келі.
Сондай-ақ 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Санжар Жолтай ел қоржынына қола жүлде салды. Ол қоссайыста 340 (155+185) келіні көтеріп, үздік үштікке енді. Бұл салмақта чемпион атанған сириялық Касвара Джгили 364 (164+200) келіні еңсерсе, күміс медаль өзбекстандық Омидолло Олимовқа бұйырды – 351 (161+190) келі.

