Заң
1 мин оқу 30

Екібастұзда той автокортежі тәртіп бұзған

<p style="text-align: justify;">Өңір полициясы ереже бұзғандарды жол тәртібін қадағалау кезінде бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. &laquo;Стелла-Қала&raquo; автожолындағы кортеж өзге жүргізушілерге де кедергі келтірген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екібастұзда той автокортежі тәртіп бұзған

Көліктер колоннамен қозғалып, қозғалысты тежеп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын да өрескел бұзған. Осыған байланысты Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылған.

Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша: маневр жасау тәртібін сақтамау, жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (жүріс кезінде терезеден денені шығару), қарсы жолаққа шығу,  қауіпсіздік белдігін тақпау,  қайта жолақ ауыстырғанда бұрылыс шамын қоспау, сақтандыру полисінің болмауы сынды фактілер негізінде 15 хаттама толтырған. 


Бөлісу:
Екібастұзда той автокортежі тәртіп бұзған · Egemen Qazaqstan