Әмір Омарханов жартылай финалда бақ сынайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов беделді «Уимблдон» турнирінің жасөспірімдер арасындағы бәсекесінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті. 1 сағат 24 минутқа созылған матч қазақстандық-ресейлік жұп пайдасына 6:4, 7:6 есебі тіркелді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жартылай финалда Омарханов-Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.
