Елорда
1 мин оқу 90

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">16 шілде күні&nbsp;15:00-де Астанадағы&nbsp;Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында&nbsp;бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Іс-шараны Алматы ауданы әкімдігі өткізеді.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Бөлісу:
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan