Оқиға
1 мин оқу 100

Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті

<p style="text-align: justify;">Атырауда найзағай жарқылы түскен 2 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті. <br />Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде кешкі сағат 19:47-де болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті

« Атырау қаласындағы Химиктер ауылында тұрғын үйге найзағай түсті. Соның салдарынан Тәуке хан көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, жалынды сағат 20:23-те оқшаулады. Өрт сағат 20:59-да толықтай сөндірілді», деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобы.

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер, 4 техника тартылған.

Бөлісу: