Мәдениет
1 мин оқу 50

Алмагүлдің жұлдызы жанды

<p style="text-align: justify;">Беларусь Республикасында &laquo;Витебскі&shy;дегі Славян базары&raquo; XXXIV халық&shy;аралық өнер фестивалі өтті. Атал&shy;ған байқауға елімізден Жетісу облыс&shy;тық Дәнеш Рақышев атындағы филар&shy;мониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.</p>

Алмагүлдің жұлдызы жанды

Әнші финалда «Веч­ность» компози­ция­сын орындап, көрер­менді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қа­зылар алқасының жоға­ры бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күні­нің қорытындысында 137 ұпай жинап, фестивальдың Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П.И.Чайковс­кий атындағы Алматы музы­калық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелені еркін меңгерген.

Алмагүл – шебер орын­даушы ғана емес, сах­наға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнер­паз. Ол «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алма­тым жүрегімде» халық­аралық байқауы сынды беделді музыкалық сындарда жоғары деңгей­де өнер көрсетіп, кәсіби шебер­лігін бірнеше мәрте дәлелдеген.

Бөлісу:
Алмагүлдің жұлдызы жанды · Egemen Qazaqstan