Спорт
1 мин оқу 20

Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері

<p style="text-align: justify;">Спортшылардың өткен апта ішіндегі жетістіктері туралы шолу мағлұмат сала министрлігінен хабарланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері

Ауыр атлетика: Елордада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында отандастарымыз 21 алтын, 12 күміс 17 қола медаль жеңіп алды.

Құзға өрмелеу: Францияның Шамони қаласында құзға өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама мүшесі Ришат Хайбуллин күміс жүлдегер атанды.

Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында командалық Әлем кубогінде Қазақстанның ерлер құрамасы (Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез) қола медаль еншіледі.

Теннис: Нидерландтың бас шаһары Амстердамда Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 турнирінде отандасымыз Айым Қанағатова чемпион атанды.

Күрес: Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль олжалады.

Бөлісу:
Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері · Egemen Qazaqstan