Оқиға
1 мин оқу 40
Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Алматыда қоғамдық автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апаты Алатау ауданында 14 шілде күні, сағат 18: 10-да болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатар жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан. Онымен қозғалыс қарқыны тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, қоғамдық автобуспен, Subaru көлігімен соқтығысқан.
Қалалық полиция департаменті жол апатынан 23 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.
Жол апатына байланысты тергеу жұмыстары басталған.
Бөлісу:
