Банк
1 мин оқу 60

Барлық қаржылық операцияны бас банк бақылауына алады

<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздегі банктер мен &laquo;Қазпошта&raquo; акционерлік қоғамы жеке және заңды тұлғалардың шоттары мен қаржылық операциялары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тұрақты түрде жолдайтын болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Барлық қаржылық операцияны бас банк бақылауына алады

Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтың жеке деректеріне, банк шарттарының өзгеруіне немесе жаңа шот ашуға қатысты кез келген өзгеріс автоматты түрде Ұлттық банкке беріледі. Сонымен қатар барлық қаражат аудару, түсімдер, қолма-қол ақша шешу сияқты барлық қозғалыстар реттеуші органға ұсынылады.

Ресми мәлімет бойынша ақпараттар жеке деректер көрсетілмей, жалпы сипатта беріледі. Алайда қажет болған жағдайда, әсіресе тергеу жүргізу барысында, мемлекеттік органдар, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА), азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұйымдардың бизнес сәйкестендіру нөмірін ала алады.

Бөлісу:
Барлық қаржылық операцияны бас банк бақылауына алады · Egemen Qazaqstan