Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген
<p style="text-align: justify;">Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 52 жастағы тұрғынның қарасора өсірумен айналысқанын анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлердің тексеруі кезінде оның тұрғылықты мекенжайындағы сарайдан арнайы жабдықталған фитозертхана табылды.
«Фитозертханадан салмағы 5 килоны құрайтын 21 түп қарасора (каннабис) өсімдігі тәркіленді. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігімен (Есірткі заттарын заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», делінген полицияның ақпаратында.
