Жарнама
 
Бағдарламалар
2 мин оқу 30

Enbek.kz – жастарға арналған цифрлық мүмкіндік

<p style="text-align: justify;">Елімізде мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің жазғы демалыс уақытында бос отырмай, еңбек етіп, алғашқы кәсіби тәжірибе жинауына мүмкіндік жасалып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруға &laquo;Электрондық еңбек биржасы&raquo; платформасы (enbek.kz) үлкен үлес қосып отыр.</p>

Enbek.kz – жастарға арналған цифрлық мүмкіндік

Жаз – тек демалыс уақыты емес, алғашқы еңбек тәжірибесін жинап, өз бетімен табыс тауып көруге тамаша мүмкіндік. Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, заңға сәйкес жұмыс істеуге рұқ­сат етілген 14 пен 18 жас аралығын­дағы мектеп оқушыларының саны 1,4 млн адамды құрайды, оның 26,5 мыңы – ерекше балалар.

Қазіргі таңда 24,3 мыңға жуық оқушы жазғы жұмыспен қам­тылған. Ең көп жұмыс істейтін салалар – сауда (5,3 мың бала) және тұрғын үй мен қоғамдық тамақтану қызметтері (3,6 мың). Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Әрине, оқушылар үшін еңбек – тек табыс көзі емес, өмірлік тәжірибе, кәсіби бағдар, тәртіп пен жауапкершілік мектебі.

Министр осы бағытта арнайы онлайн құралдардың іске қосыл­ғанын айтты. Атап айтқанда, «Электрондық еңбек биржасы» платформасында «Менің жазғы демалысым» атты бөлім ашылған. Бұл бөлім арқылы 14 жастан асқан мектеп оқушылары мен студенттер онлайн түрде тіркеліп, жеке каби­нет ашып, түйіндеме жария­лай алады. Бұл балалардың цифр­лық са­уатын арттырып, өз бетімен шешім қабылдай білуге дағды­ландырады. Ал 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін тіркеу мен жеке ка­би­нет құруды олардың ата-анасы немесе қамқоршысы жүзеге асырады.

Жастардың еңбек нарығына бейімделуін жеңілдету үшін «enbek.kz» жүйесімен қатар «Skills.Enbek» онлайн-платформасы жұмыс істейді. Мұнда оқушылар өз қызығушылығына сай түрлі бағыттағы дағдыларды меңгере алады. Қазіргі таңда онда 1 200-ден астам курс қолжетімді, оның 322-сі – тегін, ал 137 курс қазақ тілінде ұсынылған. Бұл – кәсіби бағыт-бағдарын енді айқындап жатқан жас буын үшін таптырмас мүмкіндік.

Жас буын үшін тағы бір маңыз­ды шешімдердің бірі – болашақ мамандығын дұрыс таңдау. Осы ретте «Мансап компасы» атты платформа жастарға өз бейімділігі мен қабілетін анықтауға көмектеседі. Мұнда түрлі тестілеу арқылы кәсіби қызығушылықтар анықталып, сұра­нысқа ие маман­дықтар жөнінде кең көлемде ақпарат беріледі. Сондай-ақ қай оқу орнында білім алуға болатыны туралы нұсқаулар да қамтылған.

С.Жақыпова жазғы дема­лыс кезінде жергілікті әкім­діктер тарапынан қоғамдық жұ­мыс­тарды ұйымдастыру тәжі­рибесі жалғасатынын да атап өтті. Бұл жұмыстар арнайы дайын­дықты қажет етпейді, икемді кесте бойынша орындалады және экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық пайда әкелуге тиіс. Мұндай жұмыс үшін оқушыларға ай сайын кемінде 24 АЕК (2025 жылы – 94 368 теңге) көлемінде жалақы төленеді.

Бөлісу: