Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 20
Ақылды аю
<p style="text-align: justify;">Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран жерінде жүрген поляк сарбаздары кішкентай қонжық тауып алыпты. Олар оны асырап, Войтек деп атаған екен.</p>

Ақылды аю сарбаздарға бауыр басып, жауынгерлердің нағыз досына айналады. Тіпті уақыт өте келе Войтек әскер қатарына ресми түрде қабылданып, 22-артиллериялық жабдықтау ротасының құрамына қосылады. Ол аз десеңіз, Войтек жауынгерлермен бірге Италияға дейін жетіп, әйгілі Монте-Кассино шайқасына қатысады. Сол жерде ол оқ-дәрі салынған жәшіктерді түсіріп, снарядтарды зеңбіректерге жеткізіп отырған. Бұл көрініс кейін 22-ротаның жаңа эмблемасында көрініс табады.
Бөлісу: