Жанашыр жүзік

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та телефонға шектен тыс телміргендердің саусағын қысып қалатын сақина шықты.</p>

Жанашыр жүзік

Жүзіктің ішкі жағында орналасқан ұсақ тікенектер телефонды ұзақ ұстап отырған кезде саусаққа жайсыздық тудырады, бірақ ол теріні зақымдамайды. Мақсаты – адамды шексіз жаңалықтар лентасын парақтай беретін дағдыдан арылту. «Бұл жазалау емес. Бұл – шынайы өмірге қайта оралу үшін жасалатын ескерту», дейді әзірлеушілер. Қазірдің өзінде мыңдаған адам осы «Pinky Promise Ring» деп аталатын өнімге тапсырыс беріп үлгерген.

Бөлісу:
Жанашыр жүзік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар