Теннис
1 мин оқу 40

Гштаадта топ жарды

<p style="text-align: justify;">Швейцарияның Гштаад қаласында ұйымдастырылған ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.</p>

Гштаадта топ жарды

Жүлде қоры 596 035 еуроны құраған жарысты екінші кезеңнен бастаған Бублик бастапқыда өзінің отандасы Александр Шевченконы шаң қаптырды – 6:2, 6:3. Одан кейін аргентиналық Франсиско Коменсанияны қапы қалдырды – 6:4, 6:3. Жартылай финалда франциялық Артур Казодан басым  түсті – 6:1, 7:5. Финалда Аргентинаның тағы бір өкілі Хуан Мануэль Серундоломен сайысқа түсті. Ол өз кезегінде Ян-Леонард Штруфф (Германия), Давид Гоффен (Бельгия), Каспер Рууд (Норвегия), Игнасио Бусені (Перу) жолынан ығыстырды.

Финалдық тартыс 2 сағат 7 минутқа созылды. 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін еншісіне жазған Александр Бублик шешуші ойында 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіс тойы­н тойлады. Бұл – еліміздің үз­дік теннисшісінің АТР тур­нирлеріндегі алтыншы жеңісі. Бұған дейін Монпелье (2 рет), Халле (2 рет), Антверпендегі (1 рет) додаларда дара шықты.    

Бөлісу:
Гштаадта топ жарды · Egemen Qazaqstan