Спорт
1 мин оқу 40
Универсиада-2025 додасында қоржынға алғашқы алтын түсті
<p style="text-align: justify;">Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Бүгінде ел қоржынында 1 алтын және 5 қола медаль бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таэквонда сайысында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Самирхон Абабакиров финалда Түркиядан келген Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, оны раундтар бойынша 2:0 көрсеткішімен жеңді. Осылайша, отандасымыз қоржынға алғашқы алтын медальды салды.
Бұл – аталған додадағы Қазақстанның таеквондодан алтыншы медалі. Бұған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан, Нодира Ахмедовалар қола жүлдегер атанған болатын.
Бөлісу:
