Туризм
1 мин оқу 50

Балқаш жағалауы тазартылды

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысындағы Балқаш көлі маңында санитарлық тазалық тұрақты жүргізіліп келеді. Жағалаудан жұмыс күндері 2 тоннаға дейін, демалыс күндері 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Бұл жұмысқа арнайы техника мен 10 адамнан тұратын топ тартылған,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балқаш жағалауы тазартылды

Көлге келушілер саны артқанына байланысты қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде. Лепсі ауылында 4 жылдамдық өлшегіш құрылғы мен 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, жол қозғалысының тәртібі бақылауға алынды.

Демалушылар жағалаудағы өзгерістерге оң баға беріп отыр. Жолдың жаңартылуы мен тазалықтың сақталуы – тұрғындардың жиі келуіне себеп болып отыр.

Бүгінде көл жағалауында инфрақұрылым тартылып жатыр. Қазірдің өзінде 52 мың адам демалса, болашақта бұл көрсеткіш 450 мыңға дейін жетеді деген болжам бар.

Бөлісу:
Балқаш жағалауы тазартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар