Жүлдеден биік жарастық

<p style="text-align: justify;">1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарында жапон спортшылары Сюхэй Нисида мен Суэо Оэ сырықпен секіру сайысынан сынға түсіп, бірдей нәтиже көрсетеді. Сөйтіп, екеуі де екінші орынға лайық деп танылды.</p>

Жүлдеден биік жарастық

Алайда олар қосымша секіруден бас тартқан соң, Спорт федерациясы күміс медальды Нисидаға, қола медальды Оэге береді.  Қос спортшы бұл шешімге келіс­пей, Токиоға оралған соң, өз медальда­рын біріктіріп, қайта құйдырған. Соның нәтижесінде олардың әрқайсысында күміс-қола аралас гибрид медаль пайда болды. Осылайша, бұл оқиға спорт тарихындағы бауырмалдық пен достықтың ерекше нышаны ретінде есте қалды.

Бөлісу:
Жүлдеден биік жарастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар