Қазақстандықтарды алдап соққан алаяқ Мысырда ұсталды
<p style="text-align: justify;">Күдікті бұған дейін халықаралық іздеуде болған. ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында қолға түскен азамат Шымкентке жеткізілген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ІІМ мәліметінше, айыпталушы ер адам 2023 жылы өзгелермен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автонесие рәсімдеп, кейіннен үшінші тұлғаларға сатып отырған. Осы қылмысқа қатысты полицияға 105 азамата шағым түсірген. Күдікті жәбірленушілерге бас-аяғы 1,5 миллиард теңге шығын келтірген.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді күдіктінің ісі190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу, 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету баптары бойынша тергеледі.
