Оқиға
1 мин оқу 30

Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Іздеу-құтқару жұмысына ТЖМ тікұшағы, құтқару қызметі, ТЖД Арнайы апат-құтқару қызметі, Республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен еріктілер тартылған. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, екі тәулікке жуық іздестірілген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Мәйіт табылған орынға баратын жолда мұздықтар бар болғандықтан, құтқарушылардың көтерілуі мен түсуі шамамен 5 сағатқа созылған. Қазір оқиға орнында Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің психологы жұмыс істеп жатыр.

«Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшағы, 50-ден астам құтқарушы мен ерікті, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон), 8 техника, 3 кинологиялық есеп жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖД.

Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды · Egemen Qazaqstan