Экономика
1 мин оқу 70

Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады

<p style="text-align: justify;" data-start="162" data-end="365">Ақтөбе облысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге арналған жаңа көлік-логистика хабы құрылады. Бұл туралы &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ұлттық әл-ауқат қоры&raquo; АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады

Оның айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысының Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірінің басшылығымен өткізген кездесуінің қорытындысы негізінде қолға алынуда.

– Мемлекет басшысы логистика саласындағы түркиялық компания өкілін қабылдап, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Осыған орай, Ақтөбе өңірінде жаңа көлік-логистика хабын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба еліміздің батысындағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейтіп, өңірлік және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға сеп болады, – деді Нұрлан Жақыпов.

Аталған жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетіп, көлік дәліздерін әртараптандыруға, сондай-ақ Орта дәліз – Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы жүк ағындарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында теміржол және автокөлік инфрақұрылымын дамыту, заманауи қойма кешендерін салу және кедендік рәсімдерді жеңілдету көзделіп отыр.

«Самұрық-Қазына» қоры бұл бастаманы Түркиямен бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.

Бөлісу:
Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады · Egemen Qazaqstan