Таным
1 мин оқу 20

Ғұннан қалған бірауыз сөз

<p style="text-align: justify;">Дағыстандық қалам қай&shy;рат&shy;кері, авар жұрты&shy;ның даңғыл ақыны Расул Ғамзатов: &laquo;Біз&shy;дің халықта қарғыс көп. Соның ең жаманы &ndash; &laquo;Ұрпағыңа ана тілін үйрететін адам қал&shy;масын&raquo;, деп күйінгені бар.</p>

Сол сияқты, қазақта да неше түрлі қарғыс бар. Соның бірі адамдар көп айтатын әрі ең жаман қарғыс – «Бетің тіліңгір». Бұл қарғыс туралы танымал тарихшы Тұрсынхан Зәкен­ұлы «Egemen Qazaqstan» газетінің 2020 жылғы 28 тамыз күнгі санын­да жарияланған «Желді қуған жоға­лар, жолды қуған оңалар» атты мақа­­ласында: «Ежелгі ғұн заманында мем­лекет және жекенің мүл­кіне қол салғандардың бетін тіле­тін бол­ған. Қазақта «бетің тіліңгір» деген содан қалған» деп жазса, атақ­ты ға­лым, танымал этно­лог, пас­сио­нарлық теориясының авторы Лев Гумилев қазақ тілінде жарық көрген «Хұндар» (Алматы, 1998) атты еңбе­гінде: «Ежелгі хұндардың өзіндік әдет­тегі (азаматтық) хұқық жүйесі де бол­ған, ал қытайлар: «олардың заңы жеңіл әрі орындауға қолайлы» деп атап өтеді. Ауыр қылмыс жасау, оның ішінде қару-жарақ жа­лақ­тату өлім жазасына кесілсе, ұрлық істеу – дүние-мүлікті ғана емес, ұры­ның от­басын қоса тәркілеу арқылы жа­за­лан­ған. Ал ұсақ қылмыс жасаған­дар­­дың беті тілінетін болған», деп жа­зыпты (Хұндар. Алматы: «Қазақстан», 1998. – 85-б).

Бөлісу:
Ғұннан қалған бірауыз сөз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар