Діни радикализм: 4 азаматқа қатысты үкім шықты
<p style="text-align: justify;">Жыл басында Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасы қызметкерлерінің мұрындық болуымен полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты насихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған топты құрықтады. Күні кеше аталған азаматтарға қарасты сот үкімі шықты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, аталған азаматтар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған. Күдіктілердің үй-жайларын тінту барысында ел аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тыйым салынған материалдар тәркіленген.
Таяуда аудандық сот аталған азаматтарды ҚК-нің 174 бабы 1 бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
