Ел оқушылары халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
<p style="text-align: justify;">Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс иеленді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алтын алғандар – Қарағанды облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Талғат Байбусынов және Қостанай облысындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов. Күміс жүлдегерлер – Жетісу облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Болат Ақжол және Ақтөбе облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Әлихан Қалмағамбетов.
Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және республикалық-халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Айта кетелік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді, осы уақыт аралығында 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медальдар жеңіп алған.