Мәдениет
1 мин оқу 81

Көңілге түрлі ой салған көрме

<p style="text-align: justify;"><strong>Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның &laquo;Көңілге түрлі ой салар&raquo; атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Көңілге түрлі ой салған көрме

Көрменің мақсаты – ұлы ойшылдың терең толғамдарын бүгінгі ұрпаққа көркем тілмен жеткізу. Атаулы экспозицияға автор 1,5 жыл бойы дайындалған.

– Экспозицияға 1,5 жыл дайындалдым. 58 жұмысымда ақын көтерген өзекті тақырыптарды бейнеледім. Әр туынды алдында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қайта оқып, мағынасына терең үңілдім, – деді Аңсаған Мұстафа.

Көрмеде ақыл, жүрек пен қайрат теңдігі, ар-ождан, еңбек, талап, мақтаншақтық пен рухани кемелдік секілді тақырыптар көркем образ арқылы өрілген. Әрбір туындының жанында Абай шығармаларынан алынған нақыл сөздер мен үзінділер ұсынылған.а

Аңсаған Мұстафаның арт-пластика жанрындағы туындылары осы уақытқа дейін әлемнің 30-дан астам елінде өткен 155 көрмеге қатысқан. Олардың қатарында Корея, Түркия, Аргентина, Мексика, Италия, Франция, АҚШ, Жапония, Иран, Польша, Үндістан және басқа да мемлекеттер бар.

Абай облысы

Бөлісу:
Көңілге түрлі ой салған көрме · Egemen Qazaqstan