Аймақтар
2 мин оқу 20

Түркістандықтардың тартуы

<p style="text-align: justify;">Түркістан ша&shy;һары &laquo;Абайға құрмет&raquo; акция&shy;сы аясын&shy;да Се&shy;мейде жаңа&shy;дан бой кө&shy;те&shy;ре&shy;тін шағын ауданға Көрме орталығын салып беруді жос&shy;парлап отыр. Батыс пен шы&shy;ғыс, көшелі және отырықшы мәдениеттер түйіскен киелі шаһар дүбірлі тойға керуен әке&shy;ліп, керемет жәрмеңке ұйым&shy;дастырды.</p>

Түркістандықтардың тартуы

Абайдың 180 жылдық мерей­тойы­на арналған онкүндік іс-шаралар аясында Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешенінде Түркіс­тан облысының мәдени күндері өтті. Мәдени күндер аясында ауыл ша­руашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағы­дан едәуір төмен бағамен саудаланды. Жәрмеңкеге Түркістан облысынан ­540 тоннадан асатын, 40-қа жуық өнім түрі жеткізіліпті. Оның ішінде 194 тонна картоп, 81 тонна бау-бақша өнім­дері, 71 тонна жеміс-жидек, 167 тонна сүт өнімдері, бал, шырын, шұжық, жұмыртқа сынды өнімдер бар. Әсі­ресе дәмі тіл үйіретін Мырзашөлдің қа­уы­ны мен Шардараның қарбызына сұра­­ныс көп болды. 

Қызық мұнымен біткен жоқ, Түркістан облысының мәдени күн­дері аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі де ашылды. Онда ағаштан, киізден, қыштан жасалған бұйым­дар, тоқыма кілемдер, зергерлік әше­кей­лер мен түрлі кәдесыйлар той­шыл қауымның көз жауын алды. Бұған қоса, баяғы жәрмеңкенің салтымен киелі Түркістаннан арнайы келген «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі, «Фараб» би ансамблі, «Сарын» тобы мен Ш.Қалдаяқов атындағы филармония әншілері жәрмеңкеге жинал­ған жұртшылыққа концерт қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

мәдени

Түркістан облысының мәдени күндері аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жәрмеңке мен көрмені аралап, өнерпаздардың өнерін тамашалады. Абай облысының тұрғын­дары атынан Түркістан облысының бас­шылығына, ұйымдастырушылар­ға, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді.

«Түркістан түркі дүниесінің рухани астанасы ғой. Семей – Алаштың алғашқы астанасы. Екі рухани өңір­дің бауырластығы, ынтымақтасты­ғы қуантады. Ең бастысы, мұнда баға қолжетімді. Жәрмеңке үлкен мерейтой кезінде ұйымдастырылғанын халық жақсы қабылдап жатыр. Бұл шара шығыс пен оңтүстіктің арасын жалғаған алтын көпір болды. Халық­қа қажет осындай жәрмеңкелерді ал­да­ғы уақытта да ұйымдастыру үшін әріп­тесім Нұралхан Көшеровке тұр­ғын­дардың өтінішін айтып, қолқа салатын боламыз», деді облыс басшысы.

Іс-шара өтіп жатқан аумақта төрт павильоннан тұратын фудкорт аймағы да жұмыс істеп тұр.

«Бәрі халыққа ыңғайлы жасал­ған. Қалада тұратын көп адамның сая­жайы жоқ, өз өнімін өсірмейді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға аса қажет. Бағалар да базардағыдан әлдеқайда арзан. Тұрғындар көп келіп жатыр, бәрі риза. Осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегіміз бар», деді қала тұрғыны Сағдат Сыздықбаева. 

Бөлісу:
Түркістандықтардың тартуы · Egemen Qazaqstan