Аймақтар
1 мин оқу 70
Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарасу ауданы Белозер ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» болып жарияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Ауыл халқының, белсенді ақсақалдар мен жастардың игі бастамасын жергілікті билік те қолдап отыр.
«Біз жастар мен болашақ ұрпағымыздың саламатты келешегі үшін көп болып кеңесіп осындай маңызды шешім қабылдап отырмыз. Ауылда дүкен ұстайтын кәсіпкерлер де бұл ниетімізді қолдап, енді алкогольді өнім сатпайтын болды. Ел ырысы – ынтымақта, осы ауылда тұрып жатқан көпшіліктің ұйымшыл, еңбекқор әрі зиянды әдеттерден аулақ болғанын қалаймыз», дейді ауыл тұрғыны Мария Полтавская.
Қостанай облысы
Бөлісу:
