Теннис
1 мин оқу 60

Елена Рыбакина жартылай финалда жеңілді

<p style="text-align: justify;">Әлемнің 12 ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монеаль қаласында өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елена Рыбакина жартылай финалда жеңілді

Бастапқы бәсекелерде америкалық Хейли Баптист, румыниялық Жаклин Кристиан және Украинаның қос теннисшісі – Даяна Ястремская мен Марта Костюкті жолынан ығыстырған жерлесіміз финалдың жолдамасы сарапқа салынатын сайыста Виктория Мбокомен кездесті.

Бұл ойында Рыбакинаның жеңіске жететініне күмәнданғандар кемде-кем еді. Себебі, 18 жастағы франциялық теннисші WTA рейтингінде Еленадан әлдеқайда төмен тұр. Ол  85 орынды иеленуде. Соған қарамастан бұл бәсеке 1:6, 7:5, 7:6 есебімен Мбоконың пайдасына шешілді.

Бөлісу:
Елена Рыбакина жартылай финалда жеңілді · Egemen Qazaqstan