«Жастар практикасы» - түлектерге берілген мүмкіндік
<p style="text-align: justify;">Түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мемлекеттік бюджеттен 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК - 117 960 теңге) мөлшерінде төленеді.

Бұл журналист лауазымы бойынша жұмыс толық жұмыспен қамту түрінде ұйымдастырылады. Жұмыс аптасы бес күннен тұрады (5/2 кестесі бойынша), күнделікті жұмыс уақыты – 8 сағат. Жұмыс берушінің кеңсесінде офлайн форматта орындалады.

Аталған лауазымға орналасу үшін еңбек өтілі талап етілмейді, яғни жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер де қатыса алады. Жалақы айына бір рет төленеді.
Функционалдық міндеттері:
- Ақпаратты іздеу, жинау және талдау;
- Әлеуметтік желілерде жаңалықтар ленталары мен өкілдіктерді жүргізу;
- Компанияның Интернеттегі, әлеуметтік желілердегі веб-парағын қолдау;
- Сұхбат арқылы жергілікті, ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жинау;
- Баспасөз конференцияларында саяси және басқа да қоғам қайраткерлерімен сұхбат;
- Редакциялық мақалалар жазу және түсініктемелер дайындау;
- Оқиғалар ағынын талдау, өзекті оқиғаларды өңдеу, материал жазу;
Талаптар:
- Жұмыс тәжірибесі - қажет емес.
- Білімі жоғары.
