«Болашақ» халықаралық стипендиясы 217 қазақстандыққа берілді
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Қазіргі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер саны өте көп. Барлық бағдарлама мен бағыттар бойынша жалпы конкурс бір орынға 4 адамды құрады.
Биыл бұл жаңа ереже бойынша өткізіліп жатқан «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған екінші байқау атап өткен жөн. Үміткерлер конкурстық іріктеудің үш кезеңінен өтті: кешенді тестілеу, әңгімелесу және ең жоғары балл жинаған қатысушыларды Республикалық комиссия іріктеу.
Шәкіртақы алуға 981 үміткер өтініш білдірді. Оның 916-сы бірінші, 659-ы екінші, 217-сі үшінші кезеңді аяқтады.
Отырыс барысында Республикалық комиссия 217 Қазақстан азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады.
Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13-і докторантурада, ал 37 қазақстандық әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану және техникалық пәндер бойынша, 32,3%-ы әлеуметтік-гуманитарлық бағытта білім алады.
Республикалық комиссия ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеу нәтижелерін де қарады. Барлығы 165 өтінім берілді. Үш деңгейлі конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру және жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
