Абай
1 мин оқу 30

Ақынға арналған челлендж

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ақын-ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай &laquo;Абай өлеңдері &ndash;әлем тілдерінде&raquo; атты халықаралық челлендж өтіп жатыр.</p>

Ақынға арналған челлендж

Аталған жобаның мақсаты – Абай мұрасын халық­аралық деңгейде кеңінен насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне деген қызығу­шылықты арттыру.

Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер, жетекші шетелдік ұлттық кітапханалар мен балалар кітапханаларының басшылығы, этномәдени орталықтар өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдері ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді.

Челлендж аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол, үнді тілдерінде оқылды.

Бөлісу:
Ақынға арналған челлендж · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар