Таным
1 мин оқу 71

Қазақты танығың келсе...

<p style="text-align: justify;">Әйгілі ғалым Зейнолла Қабдолов &laquo;Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орыс өмірін, Абайды оқымай қазақ тіршілігін білем деу ағат&raquo; деген еді.</p>

Қазақты танығың келсе...

Расымен, қандай да бір көркем шы­ғарма оқырманға беймәлім өмірді танытады. Таныта тұра, адамды тәр­биелейді. Оған Ка­ме­рун жазушысы Бен­жамен Матип­тің мына бір сөзі айқын дәлел: «Мен қазақ­тар туралы еш нәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіп­ті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің кере­мет кітабын оқыдым. Мен тамаша тағдыр иесі, қазақ халқының ақыны Абаймен таныс­­­тым. Бейне ұзақ жылдар бірге тұрып, қай­­ғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақ­сы көрдім. Солармен бірге тіпті дарқан дала­ның тұнық ауасымен тыныстаған секілді­мін. Шынында да, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой».

Бөлісу:
Қазақты танығың келсе... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар