Павлодар қаласының көшелеріндегі су колонкалары алынады
<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Павлодар қаласының жер үйлері орналасқан аумақтардағы су колонкаларын алып тастауға шешім қабылданды. Олардың саны бүгінде 100-ден асады. Жақын күндері облыс орталығындағы шағын аудандардың тұрғындарын орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Соған байланысты көшелерде самсап тұрған су құрылғылары жойылады.
Бұл туралы Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов хабарлады.
«Қала бойынша тұрғындарды орталықтандырылған ауызсуға қосуға арналған 5 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жоба аясында колонкаларды аламыз. Жер үйлерге ауызсу кірген соң бұл құрылғылардың қажеті болмай қалады»,-деді ол.
Аталған жоба келесі аптадан бастап жүзеге аса бастайды.
Павлодар облысы