Аймақтар
1 мин оқу 20

54 млн текше метрден астам су жіберілді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері &laquo;Қазсушар&raquo; РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді.</p>

54 млн текше метрден астам су жіберілді

«Қазсушар» РМК-дан алынған ақпаратқа қарағанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді. Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарт жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су апаруға 72 келісімшарт жасалды.

«Табиғатты қорғау мақсатын­да су жіберу мен табиғи шабынд­ықтарды суару экология­лық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-кү­йін жақсартуға көмекте­седі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директоры­ның міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Бөлісу:
54 млн текше метрден астам су жіберілді · Egemen Qazaqstan