Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінің себебі анықталды
<p style="text-align: justify;">Прокуратурада марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылу себебін түсіндірді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген.
«Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі өз-өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сондықтан биылғы 17 маусымда сотқа дейінгі тергеу органы ҚПК талаптарына сәйкес акт негізінде істі тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Алматы облысы.
