Білім
1 мин оқу 100

Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді

<p style="text-align: justify;">Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл әкімдіктер 1729 білім беру гранттарын бөліп отыр. 

Елорда әкімдігі 526 грант бөлген. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант, Шымкент қаласы – 285, Атырау – 265, Жамбыл облысы – 215, Абай облысы – 200, Түркістан – 180, Батыс Қазақстан облысы – 128 грант, Маңғыстау облысы – 108 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

вв

нн

Бөлісу:
Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді · Egemen Qazaqstan