Түркияда тағы да жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан бір адам көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін қираған ғимараттың үйіндісінің астынан алып шыққан, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> жергілікті Hürriyet басылымына сілтеме жасап.</p>

Елдің ішкі істер министрі Әли Ерликая марқұмның жасы 81-де болғанын растады.
Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман және 79 арнайы техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 10 тамызда Түркияның батысында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 19:53-те сезілген. Эпицентрі Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасып, тереңдігі шамамен 11 шақырым болған.
Сондай-ақ өңірде 20-ға жуық әлсіз қайталама дүмпу тіркелген.
