Абай
2 мин оқу 50

Тұтастықты тұғырландыратын бастама

<p style="text-align: justify;">Ұлы Абайдың тойын маңғыстау&shy;лық&shy;тар айрықша атап өтті. Семей жеріне аттанған делегация тойға шашу ретінде әрі Президент тап&shy;сыр&shy;&shy;масын орындау мақсатында Дос&shy;тық үйін салып беретінін жария етті. Ақынның мерейтойына ар&shy;налған іс-шара аясында нысанның ірге&shy;тасын қалау рәсімі де ұмыт қалмады.</p>

Тұтастықты тұғырландыратын бастама

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылады.

Абай облысының әкімі Берік Уәли ғимараттың ір­ге­­­­­тасын қалау рәсімінде Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын алғаш болып қолдаған Маң­ғыстау облысының халқы­на алғысын жеткізді.

– «Абайға құрмет» акциясы аясында маңғыстаулықтар­дың өңірімізге сыйлығы ретін­де Достық үйінің іргетасы қаланды. Достық үйі рәміз­дік мәні өте зор, екі өңірдің жалпыұлттық тұтастығын біл­дір­­мек­ші. Бүгінгі іс-шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шы­ғыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір еке­нін бүкіл Алаш жұртына көрсет­ті. Маңғыстау облысы азамат­тарының елдің сәлемін алып, Абай тойының үстінде құры­лысты бастауы үлкен құрметке лайық, – деді Берік Уәли.

Маңғыстау облысы деле­гациясының атынан мем­лекеттік қызмет саласының ардагері, Маңғыстау облы­сы­ның құрметті азаматы Д.Сейбағытов, Қоғамдық келі­сім орталығы-облыстық үйінің директоры Н.Шарова мен Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының төр­ағасы А.Базенов Маңғыстау жұрт­шылығына өңір тұрғын­дары атынан алғыс айтты.

Осы сәтте Ақтау қаласында Абай Құнанбайұлының ескерт­­кішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қатысушылар ақын шы­­ғар­­­­ма­шылығынан өлеңдер оқып, ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан айрықша үлесін еске алып, ақын шығармаларының құн­­­дылығын атап өтті.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Тұтастықты тұғырландыратын бастама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар