Ерекше емдеу әдісі

<p style="text-align: justify;">Массачусетс технологиялық институтының еншілес компания&shy;сы &laquo;Tissium&raquo; медицинада бұрын-соңды болмаған әдіске жол ашты.</p>

Ерекше емдеу әдісі

Енді зақымданған перифериялық жүйке талшықтарын тігіссіз-ақ қалпына келтіруге болады. «Coaptium Connect» деп аталатын технология арнайы «бағ­дарламаланатын полимерлерді» пай­даланады. Сондықтан енді дәрігерлер жүйке ұштарын бір-біріне жалғап, тігіп әуре болмайды. Материалдың өзі оларды дәл қосып, бітісіп кетуіне мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтарда зақымдалған нервтер 100 пайыз қалпына келген. FDA қазірдің өзінде оны хирургия­да пайдалануға рұқсатын беріп отыр.

Бөлісу:
Ерекше емдеу әдісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар