Үкімет
1 мин оқу 41

Үкімет нашақорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіретін штаб құрды

<p style="text-align: justify;">Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет нашақорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіретін штаб құрды

Штабқа Премьер-министр басшылық етеді. Басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалған. 

Республикалық штаб мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру сынды негізгі міндеттерді атқарады.

Сондай-ақ оның құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енген.

Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру жоспарланған.

Бөлісу:
Үкімет нашақорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіретін штаб құрды · Egemen Qazaqstan