Оқиға
1 мин оқу 40

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

<p style="text-align: justify;">Өткен түні Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққан. Қалалық ТЖД хабарлауынша өрт туралы ақпарат&nbsp;&laquo;112&raquo; арнасына сағат 03: 16 шамасында түскен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратындағы қызыл жалынды сөндіруге ТЖД-ның 21 техникасы мен 88 қызметкері, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және 2 қызметкер жұмылдырылған. 

Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров. 

Бөлісу:
Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді · Egemen Qazaqstan