Президент
1 мин оқу 50

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

– Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президентінің сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады · Egemen Qazaqstan